Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 24-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 сәуірде N 13-5-126 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 32-8 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011.12.21 N 32-8 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік камсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы өтініш беру кезіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. 2011 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде маман сұраған сома көлемінде, бірақ өтініш беру уақытында бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2011.09.14 N 29-4 Шешімімен
      3. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету Ережелеріне сәйкес бекітілген ары қарай (Ережемен), мамандардың құжаттарын қабылдап және тіркеп оны Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі жанындағы төрақты жұмыс істейтін комиссияға қарауға жібереді, осы шешімінің жүзеге асырылуына шаралар қолданылсын.
      4. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі жанындағы төрақты жұмыс істейтін комиссия бекітілген Ережелерді басшылыққа алып өкілетті органдар атқарған құжаттарды қарастыру процедурасын жүргізсін, оң қорытынды шығарған жағдайда аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету ұсынылсын.
      5. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      ХXIV сессиясының төрағасы                  хатшысы
      С. Малаев                                  Б. Ысқақова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ғабит Мүсiрепов атындағы
      ауданның ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С. Мұхамедеев

      «Ғабит Мүсiрепов атындағы
      ауданның экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Баймолдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады