Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2011.12.21 N 32-8 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» (2011 жылғы 19 сәуірде № 13-5-126 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде тіркелген, 2011 жылғы 1 мамырдағы «Новости Приишимья», 2011 жылғы 2 мамырдағы «Есіл Өңірі» аудандық газеттерінде жарияланды) аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 наурыздағы № 24-3 шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің 2 тармағы келесі жазылымда баяндалсын:
«2. 2011 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға кредит түрінде маман сұраған сома көлемінде, бірақ өтініш беру уақытында бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын әлеуметтік қолдау көрсетілсін.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
XXIХ сессиясының төрайымы хатшысы
А. Нұрмағанбетова Б. Ысқақова
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С. Мұхамедеев
«Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Баймолдина