Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02.09.01-05/986 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 17-бабына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын жынысы ер азаматтарды, сондай–ақ жасы үлкен тіркеуді өтпеген жынысы ер ересек азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында тіркеу жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. «1994 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушылар учаскесіне тіркеу жүргізу туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 24 шешімінің күші жойылды деп танылсын («Новости Приишимья» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 52, «Есіл Өңірі» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 аудандық газеттерінде жарияланған және 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-5-118 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Тайшабаеваға жүктелсін.
4. Осы шешімі бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
КЕЛІСІЛДІ:
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Бидайбеков