"Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы N 239 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 2 қарашада N 13-6-176 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы N 02.04.05-05-11/531 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012.08.29 N 02.04.05-05-11/531 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Есіл ауданы аумағында 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 наурызда № 13-6-163 тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 15 (8534) «Ишим», 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 15 (8534) «Есіл таңы» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 10 қазандағы
№ 239 қаулысына қосымша

Есіл ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 44 қаулысына 1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Кишман -                 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
      Сергей Николаевич        ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi
                               бөлiмі» мемлекеттік мекемесі
                               бастығының міндетін уақытша атқарушы,
                               комиссиясының төрағасы
                               (келісім бойынша)

      Мүжінбаев -              «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл
      Орал Заеденұлы           ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік
                               мекемесінің бас маманы, шақыру
                               комиссиясы төрағасының орынбасары

      Бариямова -              Қазақстан Республикасы Солтүстік
      Қуаныш Бекболатқызы      Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка
                               орталық аудандық ауруханасы»
                               шаруашылық жүргізу құқығындағы
                               коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
                               емханасының мейірбикесі, комиссияның
                               хатшысы (келісім бойынша)

      Комиссия мүшелері:

      Рамазанов -              «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
      Марат Қойшыбайұлы        департаменті Есіл ауданының ішкі iстер
                               бөлiмі» мемлекеттік мекемесі
                               бастығының орынбасары
                               (келісім бойынша)

      Допира -                 Қазақстан Республикасы Солтүстік
      Татьяна Юрьевна          Қазақстан облысы әкімдігінің «Явленка
                               орталық аудандық ауруханасы»
                               шаруашылық жүргізу құқығындағы
                               коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
                               емханасының меңгерушісі, медициналық
                               комиссияның төрайымы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады