2012 жылы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 51/277 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қаңтарда N 13-6-185 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 қаңтардағы N 01-21/9 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013.01.11 N 01-21/9 хаты)

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 6-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Явленка селосының жалпы білім беретін оқу орындарының 1-4-сыныптар оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен ақысыз жүрулеріне 2012 жылға құқық берілсін.
      2. Есіл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2012 жылға арналған аудан бюджетінен «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі түрінде оқитын оқушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулерін әлеуметтік қолдау» 471012 бағдарламасы бойынша 780 (жеті жүз сексен) мың теңге сомасында қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етсін.
      3. «Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 36/213 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2011 жылдың 20 қаңтарында № 13-6-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 25 ақпандағы № 9(249) «Есіл таңы» және 2011 жылғы 25 ақпандағы № 9(8528) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Е. Олейникова                              Б. Шериязданов

      КЕЛІСІЛДІ: 2011 жылғы 22 желтоқсан

      «Есіл ауданының білім,
      дене шынықтыру және
      спорт бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А. Әбдірахманов
      (АБДШжСБ)

      «Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко
      (АЭБЖБ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады