Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31–бабы 1–тармағы 5) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2011 жылдың 26 мамырындағы № 77 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылы Жамбыл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтініштерді ұсыну мерзімдерін анықтау жөнінде» аудан әкімдігінің 2011 жылдың 27 сәуіріндегі № 112 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 5 мамырында 13-7-148 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 13 мамырындағы аудандық «Ауыл арайы» газетінің 21 нөмірінде мемлекеттік тілде, «2011 жылдың 13 мамырындағы «Сельская новь» газетінің № 21 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
осы нұсқалған қаулының қосымшасына:
1-ші жолдағы «жаздық бидай орташа пісетін сорты, орташа кеш сорты», «ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін өткізудің оңтайлы мерзімдері» бағанындағы «17 мамырдан 27 мамыр аралығы» сөзі «17 мамырдан 01 маусымы аралығы» сөзімен ауыстырылсын;
1-ші жолдағы «жаздық бидай орташа ерте пісетін сорты» «ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін өткізудің оңтайлы мерзімдері» бағанындағы «26 мамырдан 01 маусымы аралығы» сөзі «26 мамырдан 06 маусымы аралығы» сөзімен ауыстырылсын;
2-ші жолдағы «жаздық бидай орташа пісетін сорты, орташа кеш сорты» «ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін өткізудің оңтайлы мерзімдері» бағанындағы «17 мамырдан 30 мамыр аралығы» сөзі «17 мамырдан 04 маусымы аралығы» сөзімен ауыстырылсын;
2-ші жолдағы «жаздық бидай орташа ерте сорты» «ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін өткізудің оңтайлы мерзімдері» бағанындағы «28 мамырдан 03 маусымы аралығы» сөзі «28 мамырдан 08 маусымы аралығы» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Ыбыраев