Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 31.03.2015 N 36/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодексінің 387 бабы 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарымен белгіленген Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық төлемдеріне 50 пайызға өсу бекітілсін, автотұрақтар (паркингтер), автокөліктерге жанармай құю станциялары үшін бөлінген (бөліп берілген) және казино үшін алынған жерлерден басқа.
2. "Жер салығының мөлшермелерін түзету туралы" аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 18 наурыздағы № 12/17 шешімінің (2005 жылғы 1 сәуірдегі № 1569 Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2005 жылғы 13 мамырдағы № 21 "Ауыл арайы – Сельская новь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың |
Б. Мұсабаев |
Аудандық мәслихаттың |
Б. Мұсабаев |
КЕЛІСІЛДІ: |
М. Ағажанов |