"2011 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылдың 25 наурыздағы N 63 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы N 197 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 қыркүйекте N 13-7-160 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылдың сәуір-маусымы және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылдың 25 наурыздағы № 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 1 сәуірінде 13-7-145 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 8 сәуіріндегі аудандық «Ауыл арайы» газетінің 16 нөмірінде мемлекеттік тілде, 2011 жылдың 8 сәуіріндегі «Сельская новь» газетінің № 16 нөмірінде орыс тілінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Солтүстiк Қазақстан облысы
      Жамбыл ауданының қорғаныс
      істері жөнiндегi бөлiмi»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығының міндеттерін атқарушы            М. Каримов

      «Солтүстiк Қазақстан облысының
      Ішкi iстер департаментi Жамбыл
      ауданының iшкi iстер бөлiмi»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Қ. Бекбалтин

      «Қазақстан Республикасы денсаулық
      сақтау Министрлігі Солтүстік
      Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл
      аудандық ауруханасы» коммуналдық
      мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының
      бас дәрігері                               Е. Мүсетаев

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
10 тамыздағы № 197 каулысына
қосымша

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
25 наурыздағы № 63 қаулысына
1-ші қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Асқаров
Мұрат Манапұлы

- «Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сарбасов
Алғиса Казманұлы

- аудан әкімінін орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бисимбаев Ақылбек
Балтаұлы

- «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Житенко
Людмила Васильевна

- «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);

Нұртазина
Гүлнар Баймолдақызы

- «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады