Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 23-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министірлігіне 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімін ұзартуға құқығы жоқ немесе әскерге шақыртылудан босатылмаған және де оқу орындарынан босатылған, жиырма жетіге толмаған және әскерге қызметке шақыру бойынша белгіленген уақытта өтемеген, он сегіз жастан жиырма сегіз жасқа дейінгі еркек жыныстылар жедел әскери қызметке шақырылсын.
2. Жедел әскери қызметке шақыртуды өткізу үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясы резервті құраммен құрылсын:
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы: |
«Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Әубәкіров Нұрлан Әлібекұлы (келісімімен) |
Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары: |
Қызылжар ауданы әкіміні әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Колесников Сергей Сергеевич |
Комиссия мүшелері: |
«Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлармен жұмыс жөніндегі орынбасары Тұғаев Самат Николаевич (келісімімен) |
медициналық комиссияның төрағасы: |
Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының дәрігері Сәдуақасова Кама Ашуқызы (келісімімен) |
әскерге шақыру комиссиясының хатшысы: |
Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медбикесі Мамбетова Любовь Николаевна (келісімімен) |
Қажет болған жағдайда келесі резервтегі комиссия құрамындағы сәйкес келетін маман пайдаланылсын:
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы: |
«Қызылжар аудандық қорғаныс мекемесі бастығының орынбасары істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік Хорошенко Андрей Борисович (келісімімен) |
Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары: |
«Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Бодуновский Александр Викторович (келісімімен) |
Комиссия мүшелері: |
«Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары Мейманов Қайрат Теміргалиұлы (келісімімен) |
Медициналық комиссияның төрағасы |
Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының дәрігері Қабиев Жағыпар Сәтқенұлы (келісімімен) |
Әскерге шақыру комиссиясының хатшысы |
Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының медбикесі Щеголева Ирина Викторовна (келісімімен) |
3. Селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру учаскесіне уақыттылы келуін қамтамасыз етсін.
4. Әскерге шақырылатын азаматтарды куәландыру сапалы түрде өту үшін келісім бойынша әскере шақырылушылар медициналық куәландырудан өткізу үшін дәрігер-мамандардың қажетті санын бөлу аудандық аурухананың бас дәрігеріне жүктелсін;
«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысына сәйкес медициналық комиссияны қажетті құралдармен қамтамасыз етсін;
әскерге шақырылушылар ішінен табылған науқастарға медициналық қызмет көрсетуге және емделуіне, олардың стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті керует-орындарымен қамтамасыз етсін.
5. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес:
қаржыландыру жоспарына сәйкес азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізуге уақыттылы қаржы бөлінуін қамтамасыз етсін.
6. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Респуликасы Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес:
азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 4 бірліктегі іс-жүргізушілер, 1 бірліктегі автобус жүргізушісі, 1 бірліктегі шақыру учаскесін жинаушысын жұмысқа қабылдасын;
ауданның елді мекендерінен азаматтарды жеткізу үшін Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім осы мақсатқа берген автобусы пайдаланылсын.
7. Әскерге шақыру комиссиясы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімде өткізілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі Қ. Пшенбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қызылжар ауданының «Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Ә. Әубәкіров
Қызылжар ауданы
әкімдігінің «Қызылжар орталық
аудандық ауруханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері С.А. Алмолдин
Қызылжар ауданының «Ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Х.Ф.Байқадамов