2011 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 33/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде N 13-8-142 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 4/4 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012.04.16 N 4/4 Шешімімен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына сәйкес, Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжар ауданының елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларының мамандарына, тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011.09.19 N 39/10 Шешімімен
      2. Қызылжар ауданының селолық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы өтiнiш беру кезiне жетпiс есептiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы берiлсiн.
      3. Аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережелермен сәйкес (одан әрі Ережелермен) мамандардың құжаттарын қабылдауы және тіркеуі өткізілсін, Қызылжар ауданы әкімдігінің жанында тұрақты әрекеттегі комиссиясына жіберілсін және осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
      4. Қызылжар ауданы әкімдігінің жанындағы тұрақты әрекеттегі комиссиясына, бекітілген Ережелерді басшылыққа алумен уәкілетті органмен жіберілген құжаттарды қарастыру процедурасы өткізілсін, оң тұжырым болса аудан әкімдігіне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін маманға әлеуметтік қолдау беру туралы ұсынылсын.
      5. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/8 «2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауға және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы» шешімінің (2010 жылғы 5 мамырдағы № 13-8-126 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырдағы № 21 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 14 мамырдағы № 20 «Маяк» газетінде жарияланған) күші жойылған болып есептелсін.
      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      В. Осуфьев                                 А. Молдахметова

      КЕЛIСIЛГЕН:

      «Қызылжар ауданының
      ауыл шаруашылық және ветеринария
      бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы                                    Ө. Омаров

      «Қызылжар аудандық
      экономика және бюджеттiк
      жоспарлау бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнiң
      бастығы                                    А. Фролова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады