Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 115 "Мағжан Жұмабаев ауданында 2011 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 158 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 1 маусымда N 13-9-135 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 50 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. (Нормативтік құқықтық актілерінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 13-9-133 мемлекеттік тіркеуінің Тізімінде тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы № 18 аудандық «Вести» және «Мағжан Жұлдызы» газеттерінде жарияланған) Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 115 «Мағжан Жұмабаев ауданында 2011 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшасында:
      1 тармағының 1 жолы 5 бағанында «27 мамыр» «30 мамырға» өзгертілсін;
      2 тармағының 1 жолы 5 бағанында «1 маусым» «4 маусымға» өзгертілсін;
      1 тармағының 2 жолы 5 бағанында «30 мамыр» «2 маусымға» өзгертілсін;
      2 тармағының 2 жолы 5 бағанында «3 маусым» «6 маусымға» өзгертілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады