"Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша анықтау туралы" аудан әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 107 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 4 шілдедегі N 168 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 шілдеде N 13-12-130 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы N 4 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012.01.11 N 4 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау Қағидасының 10-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 107 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-125 тіркелген, 2011 жылғы 7 мамырдағы № 21 «Көтерілген тың», 2011 жылғы 7 мамырдағы № 21 «Нива» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      «Тимирязев ауданы бойынша 2011 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы мәдени басым дақылдарының түрлері бойынша егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері» қаулысының қосымшасында:
      «Дақылдардың атауы» бағанының «Зығыр, қыша» жолынан кейін «Рыжик» жолымен толықтырылсын;
      «Егістік жұмыстарының оңтайлы мерзімдері» бағанының «17 мамырдан 25 мамыр бойынша» жолынан кейін «25 мамырдан 30 мамыр бойынша» жолымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 7 мамырдағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

Тимирязев ауданының әкімі                        Қ. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады