Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 27.05.2013 N 166 қаулысымен
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және жұмыс берушілердің берген өтініштері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның кәсіпорындары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыздық көлем мөлшерінде мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында мүгедектер үшін жеке жұмыс орындарын ескерсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Жолдыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Уәхитов