Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының 29.12.2012 N 02.12-06-09/362 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 жылға Уәлиханов ауданы бойынша өтінімдердің беру мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізуге оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 151 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 12 мамырда тіркелген, тіркеу № 13-13-139, 2011 жылы 23 мамырда № 22 «Ел тынысы» аудандық газетінде жарияланған) қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қосымшасының 1) тармақшасында «қолайлы уақыт аралықтары» бағанасында 1 жолы «17.05.-31.05», 2 жолы «30.05.-05.06» келесі редакцияда жазылсын: 1 жолы «17.05.-03.06», 2 жолы «30.05.-08.06»;
2) қосымшасының 2) тармақшасында «қолайлы уақыт аралықтары» бағанасында 1 жолы «16.05.-31.05», 2 жолы «28.05.-03.06» келесі редакцияда жазылсын: 1 жолы «16.05.-03.06», 2 жолы «28.05.-06.06»;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тұралинов