Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 22.05.2012 N 156 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес, 2011 жылдың 26 мамырынан № 77 «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсыныстары негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. (2011 жылдың 6 мамырынан аудандық «Парыз» және «Новатор» газеттерінде жарияланған, 2011 жылдың 4 мамырынан мемлекеттік тіркеу нөмірі 13-14-127) Шал ақын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 сәуірінен № 92 «Шал ақын ауданы бойынша 2011 жылы субсидияланатын басымды ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша егіс жүргізудің тиімді мерзімдерін анықтау туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына:
орташа кеш, орташа пісетін жаздық бидай егудің тиімді мерзімін 4 маусымға дейін қоса, орташа ерте пісетін жаздық бидай егудің тиімді мерзімін 8 маусымға дейін қоса ұзартылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жақсыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
А. Несіпбаев |