Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі Солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы N 55 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 сәуірде N 2588 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.03.2018 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық Кодексінің 257-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 184 "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының 2008 жылғы 13 наурыздағы № 62 "Қорықтық учаскені қоспағанда, Жайық және Қиғаш өзендерінің барлық акваториясы шекараларында (Атырау облысы шегінде) Каспий теңізі солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағының су көлігін пайдаланудың реттелмелі режимімен қоса қорғау аймағы мен экологиялық дәлізін белгілеу туралы" қаулысына (2008 жылғы 21 сәуірде № 2526 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Атырау" газетінде 2008 жылғы 17 мамырда № 58 жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      преамбулада "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" қаулысына," деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;

      4-тармақта "Атырау облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасына" деген сөздер "Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына" деген сөздермен алмастырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Б. Рысқалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады