Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 116 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 сәуірде N 2589 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 12.03.2014 № 54 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 75-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық  меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру қағидасы бекітілсін.
      2. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы № 245 "Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1720 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Атырау"  газетінің № 9 санында жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Рысқалиев

2011 жылғы 11 сәуірдегі
№ 116 облыс әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу
құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау
Қағидалары

      Осы Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасақталған және коммуналдық меншік объектілерін (бұдан әрі - Объект) кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлікпен басқарушылармен келісім-шарт жасасу және олармен шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда Заңда және өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар, сондай-ақ келесідей терминдер мен ұғымдар қолданылады:
      1) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға әкімдіктің уәкілеттігі берілген атқарушы орган; облыстық коммуналдық меншік бойынша – Атырау облысы Қаржы басқармасы; аудандық коммуналдық меншік бойынша – Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің қаржы бөлімдері;
      2) тендер - уәкілетті орган тендердің жеңімпазымен келісім-шарт жасасуға міндеттенетін конкурстық сауда түрі;
      3) тендер жеңімпазы – тендер шарттары бойынша ең жақсы ұсыныс ұсынған тендер қатысушысы;
      4) тендерлік комиссия – Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау бойынша тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін облыс әкімі және Атырау қаласы, аудандар әкімдері құрған орган;
      5) тендердің әлеуетті қатысушысы – тендерге қатысуға үміт артқан жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      6) тендерге қатысушы – тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе  мемлекеттік емес заңды тұлға;
      7) жай сенімгерлікпен басқару – уәкілетті органымен коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға табыстау;
      8) бастапқы құны – оны кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы шешім қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушының есебі негізінде тендерлік комисия бекіткен объектінің құны.
      2. Объектіні жай сенімгерлікпен басқаруға табыстау тендер өткізбей немесе тендер өткізумен жүзеге асырылады.
      3. Кейіннен сатып алу құқығымен Объектіні сенімгерлікпен басқаруды құрған жағдайда тендер өткізу міндетті болып табылады.
      4. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға (тендер өткізбей немесе тендер өткізумен) табыстау туралы шешім облыстық коммуналдық меншік бойынша – облыс әкімдігімен;
      аудандық коммуналдық меншік бойынша - Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктерімен (сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы) қабылданады.
      5. Сенімгерлікпен басқарушының Объектіні сатып алу шарты сенімгерлікпен басқарудың келісім шартымен белгіленеді Келісім-шартта қандай мерзімде және қандай міндеттемелерді орындағанда Объекті сенімгерлікпен басқарушының меншігіне ауысатыны қарастырылады.  Сенімгерлікпен басқарушы келісім-шарт шарттарын тиісінше орындаған жағдайда ғана оған Объектіні сатуға рұқсат беріледі.
      6. Сенімгерлікпен басқару құрылған жағдайда уәкілетті орган:
      1) Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға және жай сенімгерлікпен басқаруға беру жөнінде тендердіұйымдастырады;
      2) кепілдік жарналарды қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөнінде заңнамасына сәйкес Объектіні бағалау бойынша қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасады;
      4) сенімгерлікпен басқарушымен келісім-шарт жасасады.
      7. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстаудың шарттары болып келесімге қатысты сенімгерлікпен басқарушының міндеттері бола алады:
      1) объектіні инвестициялаудың көлеміне, түріне және мерзіміне;
      2) өндіріс көлеміне, көрсетілетін қызметтің немесе шығарылатын өнімнің түрі мен номенклатурасына;
      3) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;
      4) табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуге;
      5) бар жұмыс орындарының мөлшерін сақтауға немесе жаңасын құруға;
      6) өндірістік және әлеуметтік инфраструктура объектілерін пайдалану тәртібіне;
      7) кәсіпорынның негізгі қызмет түрін сақтауға;
      8) кәсіпорынның қаржылық сауықтыру бағдарламасының болуына, оның ішінде:
      пайданы көбейту мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсыныстардың;
      тиімді шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында өндіріс құрылымын, технико-технологиялық базасын жаңғырту бойынша ұсыныстардың;
      маркетингілік қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстардың;
      аса пайдалы шарттарымен қажетті қаражатты тартумен кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (сауықтыру) қолданыстағы механизмдар бойынша ұсыныстардың;
      бағдарламаны іске асыру мерзімінің;
      9) белгіленген мерзімде Объект бойынша берешекті өтеуге;
      10) мәміле жасасуға және/немесе белгіленген мерзім ішінде Объектіге қатысты белгілі іс-әрекеттерге тыйым салуға.
      Объектінің ерекшелігін есепке алғанда, сенімгерлікпен басқаруға табыстаудың қосымша шарттары белгіленуі мүмкін.

2. Тендерлік комиссия

      8. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін облыс, қала және аудандар әкімдерімен тендерлік комиссия құрылады, құрамына Уәкілетті органның, әділет органдарының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан құралуы тиіс. Комиссияның төрағасы сәйкесінше облыс, қала және аудандар әкімінің орынбасарлары болып табылады.
       Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссиясының хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі бола алмайды және тендерлік комиссия шешімін қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
      9. Тендерлік комиссия келесідей функцияларды жүзеге асырады:
      1) тендерді өткізеді;
      2) Объектінің бастапқы құнын бекітеді;
      3) Қағидалардың 17-тармағына сәйкес кепілдік жарнаның мөлшерін анықтайды;
      4) Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстау шарттарын анықтайды;
      5) Объект қандай мерзімде және қандай шарттарды орындаған жағдайда сенімгерлікпен басқарушының меншігіне берілетінін анықтайды;
      6) тендердің жеңімпазын жариялайды.
      10. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

3. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстауға дайындау
      11. Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстауға дайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Дайындық барысында уәкілетті орган:
      1) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес Объектінің құнын бағалауды жүргізеді;
      2) әлеуетті тендерге қатысушының немесе тұлғаның қағиданың 35-тармағында көрсетілген талабы бойынша объектінің жүктемелері туралы, сондай-ақ, кредиторлық және дебиторлық берешектері, табысталатын Объектіге қатысты жасалған келісім-шарттар туралы ақпаратты дайындайды және ұсынады.
      12. Тендер өткізуге дайындық жасауда уәкілетті орган объект туралы ақпарат жинауды, ақпаратық хабарламаны уақтылы жариялауды өтінімдерді қабылдау мен тіркеуді жүргізеді, түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.
      13. Тендер өткізілетіндігі туралы хабарлама ол өткізілуге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, ал бағалы қағаздарды, мүліктік құқықты (жарғылық капиталдағы мемлекеттің қатысу үлестері) табыстау бойынша – тендер өткізілуге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей, уәкілетті органмен жасалу керек. Хабарлама Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес сатушының конкурс өткізу жолымен белгіленген кезеңдік баспасөзде және тиісті әкімдігінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялану керек. Хабарламада Объекті жөнінде, тендер өтетін уақыты, орны және өткізілу тәртібі, оның ішінде тендерге қатысуды ресімдеу, тендер жеңімпаз тұлғаны анықтау шарты, сондай-ақ бастапқы бағасы және кепілдік жарна мөлшері жөніндегі мәліметтер болуы тиіс.
      14. Уәкілетті орган тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлауды ол осы қағиданың 13-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жасауы тиіс.
      Тендер шарттарының өзгеруі туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнасының және өздеріне келтірілген шығыстардың қайтарылуын талап етуге құқылы.
      15. Мүлігі сенімгерлікпен басқарудың Объектісі болып табылатын әр заңды тұлға бойынша хабарлама жарияланғанға дейін уәкілетті органмен келесі құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакеті дайындалады:
      1) жарғы;
      2) акционерлік қоғамдар үшін – акциялар шығару анықтамалығының тіркелгендігі жөнінде куәлік;
      3) есепті кезеңнің алдыңғы жылының жалғамаларымен бірге бухгалтерлік теңгерімдері;
      4) статистикалық кәртішкесі;
      5) заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлігі;
      6) мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мемлекеттік кәсіпорындармен және мекемелердің, тізілімінен үзінді көшірме.
      Хабарлама жарияланғаннан кейін уәкілетті орган Объект және осы қағидалар туралы ақпараттарға немесе тендерге қатысуға ниет білдіргендерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      16. Тендерге қатысушылар кепілдік жарнаны тендерді өткізу жөнінде хабарламада көрсетілген көлемде, мерзімде және тәртіпте төлейді.
      Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Кепілдік жарна қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен төленуі мүмкін. Кепілдік жарнаның алушысы уәкілетті орган болып табылады.
      17. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табыстау жағдайында тендерге қатысу үшін кепілдік жарна Объектінің бастапқы құнының 15 пайызына дейінгі шекте белгіленеді.
      Объектіні жай сенімгерлікпен басқаруға табыстау жағдайында тендерге қатысу үшін кепілдік жарна белгіленбейді.
      18. Кепілдік жарна қатысушының келесідей міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдың;
      2) уәкілетті органмен келісім-шарт жасасудың.
      19. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2-абзацында қарастырылған жағдайдарды есептемегенде, тендер қатысушылары тендерге қатысуға, оның өткізілуіне үш жұмыс күннен кем уақытта жазбаша бас тартқан жағдайда, оларға уәкілетті орган кепілдік жарнаны қайтармайды.
      20. Осы Қағидалардың 19 және 33-тармақтарында тізбеленгенінен басқа, барлық жағдайда кепілдік жарна тендер аяқталғаннан кейін  банкілік 10 күннен кеш емес мерзімде, ал ақша уәкілетті органның шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, олар түскен күннен бастап  банкілік 10 күн ішінде қайтарылады.
      21. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен жүргізіледі және тендердің басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.
      22. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тендерге Қатысушының егер, ол жеңімпаз деп жарияланған жағдайда хабарламада белгіленген және өзінің ұсынған шарттарымен келісім-шартын жасасудың жазбаша міндеттемесін қамтитын қосымшаға сәйкес нысандағы тендерге қатысу өтінімін;
      2) басқа құжаттардан бөлек жабық конвертте тендер шарттары бойынша тендерге байланысты құжаттары жалғанған жазбаша ұсыныстары;
      3) нотариалды куәландырылған құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекеттік қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын құжаттар:
      заңды тұлға:
      заңнаманың белгіленген тәртіпте бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Қазақстан Республикасының резидент емес сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзіндінің көшірмесін немесе субъектінің өз елінде заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжатты мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен нотариалды куәландырып ұсынады;
      заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      статистикалық кәртішкенің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      кәсіпкерлік қызметін атқаратын жеке тұлға, (сенімгерлікпен басқарумен келісім-шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілігін растау үшін) тиісті мемлекеттік органмен берілген заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметін атқару құқығын беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) төлем қабілеттігін растайтын құжаттар:
      банк немесе банк филиалы алдында тендердің әлеуетті қатысушысының міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған берешегінің жоқтығы туралы, тендердің әлеуетті қатысушысын қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтаманың түпнұсқасы (егер тендерге әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендердің әлеуетті қатысушысының өтінімдері салынған конверттер ашылатын күннен бір ай бұрын берілуі тиіс;
      үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейін қалдырған жағдайдан басқа), не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу көзделген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебі;
      5) лицензиялардың немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да тендердің әлеуетті қатысушысының біліктілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері жалғанған біліктілігі жөніндегі мәліметтер;
      6) уәкілетті органның депозиттік шотына кепілдік жарнаның аударылғандығы жөнінде төлем тапсырысының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасы және көшірмесі;
      7) тендерге қатысу үшін және тендерлік комиссияның отырысына қатысу үшін өтінімге қол қою құқығына тендердің әлеуетті қатысушысы өкілінің өкілеттілігін куәландыратын құжат (сенімхат).
      23. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға тілек білдірушілерді тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.
      24. Тендерге қатысушы бола алмайды:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес оларды іске асыру тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімгерлікпен басқаруға келісім-шартты жасау және орындау бойынша тиісті міндеттемелерін орындамаған бұрынғы тендерлердің жеңімпазы.
      25. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды есептемегенде, уәкілетті орган тендерді дайындау мен оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.
      26. Тендердің әлеуетті қатысушыларының құжаттары тіркеу журналында тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендер өткізілетін күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.

4. Тендерді өткізу

      27. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашады және жеңімпаздың анықтау шарттарына сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      28. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және тендер комиссиясының қатысқан мүшелерімен, тендер комиссиясының хатшысымен және оның төрағасымен қол қойылып хаттамамен ресімделеді.
      29. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер тендерлік комиссия отырысына қатысқан мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстардың теңдігі кезінде тендер комиссиясының төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Осы тендер комиссияның әр мүшесі тендер комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікіріне құқығы бар және ол жазбаша түрде баяндалып, тендер комиссия отырысының хаттамасына жалғанады.
      30. Тендердің нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен уәкілетті органның тендер және тендер жеңімпазы ұсынысының шарттарында келісім-шарт жасау міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.
      31. Тендердің нәтижелерін тендердің жеңімпазы жарияланған күннен күнтізбелік 5 күн ішінде уәкілетті орган бекітеді.
      Келесідей жағдайларда уәкілетті орган жаңа тендер жариялауға, сондай-ақ, тендерлік комиссияға тендердің шарттарын өзгертуге ұсыным жасауға құқылы:
      1) тендерге қатысуға өтінімдердің болмауы;
      2) тендерлік комиссияның жеңімпаздың жоқтығы туралы шешім қабылдауы;
      3) тендер жеңімпазының келісім-шартқа қол қоюдан бас тартуы.
      32. Тендер мынадай жағдайларда болмай қалды деп танылуы мүмкін:
      1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендердің шарттарын қанағатандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса.
      33. Тендерді ұтып алған тұлға және уәкілетті орган тендердің нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қояды.
      Тараптар сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартына тендер аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қол қойылады.
      Тендерді ұтып алған тұлға, тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарна жойылады және тендер туралы хабарламаны жариялануға уәкілетті органның кеткен шығынын өтеуге міндетті.
      Уәкілетті орган тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе сауда-саттықты ұтып алған тұлғамен тендерді ұтып алған тұлға Заңның 93-бабының талаптарына сәйкес келмегеннен өзге жағдайда сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартына қол қоюдан, жалтармайды.
      Сенімгерлікпен басқару келісім-шартында тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттар көзделеді.
      Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару келісім-шартына Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңдарымен белгіленген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қағидалары қолданылады.
      34. Тендер ашық өткізіледі.

  5. Объектіні жай сенімгерлікпен басқаруға табыстау
      35. Жай сенімгерлікпен басқаруға өтінімді кез келген мемлекеттік емес заңды және жеке тұлға тапсыра алады. Өтінімдер ерікті нысанда уәкілетті органға тапсырылады.
      36. Жай сенімгерлікпен басқаруға Объектіні табыстау жөнінде түскен өтінімдер Қағиданың 22-тармағындағы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болған жағдайда қарастырылады.
      37. Уәкілетті орган қаралған өтінімдердің және ұсынылған құжаттардың нәтижелері бойынша келесі бір шешімді қабылдайды:
      1) тендер өткізіп немесе өткізбей жай сенімгерлікпен басқаруға Объектіні табыстау туралы;
      2) жазбаша түрде себептерін көрсетіп, жай сенімгерлікпен басқаруға табыстаудан бас тарту туралы.

6. Сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартын жасасу
және оның орындалуын бақылау

      38. Сенімгерлікпен басқарудың келісім-шарты Заңмен белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелерін және өзге де заңнамалық актілерін ескере отырып, жасақталады.
      39. Келісім-шарттың орындалуына бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      40. Сенімгерлікпен басқарушы уәкілетті органға өзінің қызметі туралы есебін келісім шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынады.

Коммуналдық меншік объектілерін 
кейіннен сатып алу құқығымен   
(құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға
табыстау туралы ережесінің қосымшасы

Тендерге қатысуға өтінім

(жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалармен толтырылады)

Кімге _____________________________________________
        (Уәкілетті органның атауы көрсетіледі)
Кімнен
___________________________________________________
    (жеке және заңды тұлғаның толық атауы)
      1. Тендерге қатысуға үміткер, жеке немесе мемлекеттік заңды тұлға туралы мәліметтер:

Заңды, пошталық/нақты мекенжайы, электрондық пошталық мекенжайы (егер ол болған жағдайда)және байланыс телефондары


Жеке және заңды тұлғаның банктік реквизиттері, сонымен қоса, жеке/ мемлекеттік емес заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекен-жайы


Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының деректері


Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес патентті тіркеу куәлігінің немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін басқа да құжаттың нөмірі


Жеке /мемлекеттік емес тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні, тегі


      2. Коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға немесе жай сенімгерлікпен басқаруға беру жөнінде тендерге қатысу үшін осы өтінімді беремін____________________________________________________
___________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
жарияланған хабарламаға сәйкес_____________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
(хабарламаға жарияланған баспаның атауы, уақыты және нөмірі) және осы
өтінімге жалғанған менің (біздің) ұсыныстарыммен және коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөнінде ұсынылған шарттармен келісім-шарт жасасуға келісім беремін. сәйкес Шарт жасасуға келісемін.
      3. Егер, менің (біздің) ұсыныс қабылданған жағдайда тендер нәтижесі жарияланған уақытта он күннен кешіктірмей келісім-шарт жасақтауға міндеттеме аламыз.
      4. Осы өтінімге келесі құжаттар жалғанады:___________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
      5. Осы өтінімге және оған жалғанған құжаттарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген құқықтылық, біліктілік, авторлық және құқықты сақтауға, сондай-ақ өзге де шектеулер туралы мәліметтер үшін өзіме /өзімізге толық жауапкершілікті аламын/ аламыз.
__________________________________________________________
(бірінші басшының немесе заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының аты-жөні,тегі, лауазымы, жеке тұлғаның аты-жөні,тегі, қолы. Қажеттілігіне қарай сенімхат жалғанады)
Қолы ___________
Қабылданды: "____" _______201__ж.
"___" _______201__
(өтінішті қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі, лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады