Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 123–бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 18, 43, 53–баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы" қаулысының 4–тармағын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің айналасынан ені екі километр, жалпы ауданы 29351 гектар, соның ішінде Махамбет ауданында 14084 гектар және Атырау қаласында 15267 гектар жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелерінен алынып қойылмай қорғау аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 05.04.2017 № 51 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қорғау аймағындағы табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес белгіленсін.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитетінің "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне қорғау аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
4. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 56 "Атырау облысы аумағында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Әбдіров |