Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 108 "Атырау облысы аумағында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 51 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3828 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 123-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 108 "Атырау облысы аумағында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2590 болып тіркелген, 2011 жылы 21 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "29346" және "15262" деген цифрлар сәйкесінше "29351" және "15267" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады