Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 сәуірдегі N 426-IV шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 мамырда N 2591 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 481-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 21.09.2020 № 481-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9 бабына сәйкес IV шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXIX сессиясында ШЕШТІ:

      1. Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (М. Артығалиев) жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың кезектен
тыс XXIX сессиясының төрағасы
Б. Нұрғалиев
      Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады