Атырау облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 426-IV "Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" және 2019 жылғы 21 маусымдағы № 330-VI "Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 481-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қазанда № 4739 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XLVII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 426-IV "Азаматтарға елді мекен шегінен тысқары жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2591 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2019 жылғы 21 маусымдағы № 330-VI "Атырау облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4435 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е. Барлыбайұлы).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Юсупов
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады