Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 2150 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 4-1-151 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 06.03.2013 № 214 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 және 29 баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағы 15) тармақшасына және Атырау облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын
2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан туындаған қатынастарға таралады.

      Қала  әкімі                                М. Исмұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады