2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2011 жылғы 22 сәуірде N 4-2-154 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды" 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссия құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С. Қамидолла) Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қарамағына техникалық қызметшілерді 2-қосымшаға сәйкес бөлу тапсырылсын.
      4. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша) шақыру (жиын) пункттерін жабдықтауды және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілген шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарының осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
      6. Егер аталған адамдардың өз міндеттерін атқаруы іссапарлармен байланысты болса, аудан әкімі аппараты олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және қайтуға, тұрғын үй жалдауына жұмысаған шығыстарын, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтеуді қамтамасыз етсін.
      7. Мекемелер басшыларына (келісім бойынша) 3-қосымшаға сәйкес Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекші көліктер бөлу ұсынылсын.
      8. Қала, поселке және селолық округ әкімдері өз округтері аймағында әскери шақыруға жататын барлық азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізсін және автомобиль көлігін бөлуді қамтамасыз етсін.
      9. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына, әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын:
      2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Сағиевке жүктелсін.
      11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Нұғманов

Келісілді:

Жылыой ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы                   Д. Тілеуов
28 наурыз 2011 ж.

Жылыой аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері                       Т. Қыдырбаев
28 наурыз 2011 ж.

Жылыой ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы                          Н. Оразбаев
28 наурыз 2011 ж.

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының
"Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы               А. Бешімов
28 наурыз 2011 ж.

"KazPetroTrans" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры                        С. Сартай
28 наурыз 2011 ж.

"ҚазМұнайГазБарлауӨндіру" акционерлік
қоғамының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ
өндіру басқармасы                                А. Сулейменов
28 наурыз 2011ж.

Жылыой ауданы әкімдігінің 
2011 жылғы 28 наурыздағы № 54
қаулысымен бекітілген 1–қосымша

      Ескерту. Өзгерту енгізілді - Жылыой аудандық әкімдігінің 2011.08.03 № 195 қаулысымен.

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

Тілеуов Дастан Құбашұлы - Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі
                          бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім
                          бойынша);
Далабаев Ермек Қуанышұлы -Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, аудандық
                          шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері

Минтаев Азат Спатайұлы  - Жылыой ауданының ішкі істер бөлімі
                          бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қыдырбаев Тахуадин      - Жылыой аудандық орталық ауруханасының
Жұмабекұлы                бас дәрігері – медициналық комиссияның
                          төрағасы (келісім бойынша);
Танкибаева Аслима       - Мейірбике, комиссия хатшысы (келісім
Қуанышқызы                бойынша).

Жылыой ауданы әкімдігінің 
2011 жылғы 28 наурыздағы № 54
қаулысына 2-қосымша     

2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны

Р/с

Мекеменің аты

Бөлу мерзімі

Қызметкерлер саны

1.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

сәуір-маусым

қазан-желтоқсан

10

Жылыой ауданы әкімдігінің 
2011 жылғы 28 наурыздағы № 54
қаулысына 3-қосымша   

Мекемелердiң кезекшi көлiктердi бөлу кестесi

Р/с

Мекемелердiң аттары

Кезекшi көлiк беру мерзiмдерi

1

"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының "Құлсары мұнай құбырлары" басқармасы (келісім бойынша)

сәуір-маусым,
қазан-желтоқсан

2

"KazPetroTrans" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

сәуір-маусым,
қазан-желтоқсан

3

"ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" акционерлік қоғамынының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)

сәуір-маусым,
қазан-желтоқсан

      Ескерту. Кезекшi көлiктер кезекшiлiк ету күндерiнде таңертеңгi сағат 900-да толық жанар-жағар майымен Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнде болуы шарт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады