Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, кейбір лауазымды тұлғалардың жұмыс орнының ауысуына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 54 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-154 санымен тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымдағы "Кең-Жылыой" газетінің № 23 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамындағы:
"Сағиев Мәжит Сағиұлы" деген сөздер "Далабаев Ермек Қуанышұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Нұғманов
Келісілді:
Жылыой ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы Д. Тілеуов
03.08.2011 ж.
Жылыой аудандық орталық
аурухасының бас дәрігері Т. Қыдырбаев
03.08.2011 ж.
Жылыой ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
03.08.2011 ж. Н. Оразбаев
"КазТрансОйл" акционерлік қоғамының
"Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасы
03.08.2011 ж. А. Бешімов
"Kaz Petro Trans" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
03.08.2011 ж. С. Сартай
"ҚазМұнайГазБарлауӨндіру" акционерлік
Қоғамының "Жылыоймұнайгаз" мұнай газ А. Сүлейменов
өндіру басқармасы
03.08.2011 ж.