Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 31-7 шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 22 желтоқсанда № 4-2-162 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бап 5 тармағына және аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы XXIV сессиясының № 24-1 "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудандық мәслихаттың XXХI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5 000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т. Қыдырбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХІ сессия төрағасы:                      С. Ильясов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              М. Кенганов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады