Ескерту. Күші жойылды - Махамбет ауданы әкімдігінің 2013.02.06 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабын және аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 246 "Махамбет ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін (нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-3-152 болып енгізілді) басшылыққа алып аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет ауданы бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдық көмек аудандық бюджеттен төленсін.
2. "Махамбет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 85 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу қағидасы туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жаңабаевқа жүктелсін.
5. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ө. Зинуллин