2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 136 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 тамызда № 4-5-150 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 94 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012.05.29 № 94 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Миялы селолық округі әкімі аппаратына Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына техникалық қызметшілерді 2-қосымшаға сәйкес бөлу тапсырылсын.
      4. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша) шақыру (жиын) пункттерін жабдықтауды және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін іс-сапарларға жіберілген шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарының осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
      6. Егер аталған адамдардың өз міндеттерін атқаруды іс-сапарлармен байланысты болса, аудан әкімі аппараты олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және қайтуға, тұрғын үй жалдауына жұмсаған шығыстарын, сондай-ақ іс-сапар шығыстарын өтеуді қамтамасыз етсін.
      7. Ауылдық, селолық округ әкімдері өз округтері аймағында әскери шақыруға жататын барлық азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізсін және автомобиль көлігін бөлуді қамтамасыз етсін.
      8. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша)
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына, әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      10. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі:                               Б. Сәрсенғалиев

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық аурухана бас дәрігері                   С. Тайшыбай
12 шілде 2011 ж.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының міндетін атқарушы:              Н. Нәсіпқалиев
12 шілде 2011 ж.

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:           І. Хамзин
12 шілде 2011 ж.

Аудан әкімдігінің       
2011 жылғы 14 шілдедегі № 136 
қаулысымен бекітілген № 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:

Нәсіпқалиев Нысаналы Нәсіпқалиұлы

- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы

- аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Жазықбаев Арман Аманжолұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Тайшыбай Самат Сәрсенұлы

- аудандық аурухананың бас дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Утеғұлова Анар Тәттіғалиқызы

- аудандық аурухана медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

Аудан әкімдігінің       
2011 жылғы 14 шілдедегі № 136 
қаулысымен бекітілген № 2 қосымша

2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты Қызылқоға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына бөлінетін техникалық қызметкерлердің саны

р/с

Мекеменің аты

Бөлу мерзімі

Қызметкерлер саны

1

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

сәуір-маусым
қазан-желтоқсан

1

2

Миялы селолық округі әкімінің аппараты

сәуір-маусым
қазан-желтоқсан

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады