Әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 134 қаулысы. Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 13 сәуірде № 4-8-203 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.19 № 103 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 335-ХХІV "Ауданның 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешімін басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған аудан азаматтарына, ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалып, төленсін.
      2. Әлеуметтік көмекті төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа тапсырылсын.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі:                               А. Такешев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады