Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Атырау облысы Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 2 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 21
ақпандағы № 9 сараптамасымен, азамат Руслан Узағалиевтың меншігіндегі мүйізді ірі қара малы "қарасан" ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Көптоғай селолық округіндегі "Дәшін" учаскесіне карантин жариялансын.
2. Қосымшаға сәйкес карантиндік іс-шара Жоспары бекітілсін.
3. Көптоғай селолық округ әкімі И. Рыскалиевқа, Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевқа (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Ж. Каспановқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
Шарада көрсетілген тапсырмаларды тиісінше орындамау немесе орындамаған жағдайда лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 22 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: А. Такешев
Келісілді:
С. Сәлімғалиев - Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция
Комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
К. Утаров - Құрманғазы аудандық мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы
Ж. Қаспанов - Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
міндетін атқарушы.
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы_№ 120
қаулысымен бекітілген қосымша
Карантиндік іс-шара жоспары
р/с |
Атқарылатын шаралардың мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Орындалуына жауаптылар |
|
1 |
"Қарасан" ауруы белгісі білінген жануарларды бөлектеп, тұрғындардың жануар аула-қораларын залалсыздандыруды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұйымдастыру |
Тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Көптоғай селолық округ әкімі, Құрманғазы аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша) |
|
2 |
3 айдан 4 жас аралығындағы ірі-қара малдарын, "қарасан" ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру |
Тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Көптоғай селолық округ әкімі |
|
3 |
Ірі-қара, қой малдарын, дайындалған жем-шөпті және мал азығын сыртқа шығармауға |
Тұрақты |
Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Құрманғазы аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау |
|
4 |
"Дәшін" учаскесіне ветеринариялық пост құру және тәулік бойы уәкілетті органдардын кезекшілігі ұйымдастырылсын |
Тұрақты |
Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау |
|
5 |
"Қарасан" ауруымен ауырып өлген малдың өлекселері өртеліп, мал қорымдарына көмуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ұйымдастыру |
Тұрақты |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Көптоғай селолық округ әкімі |