Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 167 қаулысы. Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 9 маусымдағы № 4-8-207 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 20.06.2011 № 214 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағын 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 5 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 12, № 13 сараптамаларымен, азамат Жомартбек Алимжановтың меншігіндегі екі мүйізді ірі қара малы құтыру ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу үшін Киров селолық округ әкімі Қ. Ғилажоваға, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Ғазизовқа (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Қаспановқа (келісім бойынша), Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) келесі тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын:
      1) құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алу, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру;
      2) ауырған малмен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылсын;
      3) Киров селолық округіндегі мал мен иттерді, мысықтарды егу, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандыру;
      4) ауру ошағынан ("Иван" учаскесі) мал өнімдерін шығармауға;
      5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.
      3. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын.
      4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 20 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі:                               А.Такешев

Келісілді:
С. Сәлімғалиев - Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы;

К. Утаров - Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы;

Ж. Қаспанов - Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;

Б. Ғазизов - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бас дәрігері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады