Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 447 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қаңтарда № 4-8-217 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 106 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын, азақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 және 29 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметкердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1 тармағы 15) тармақшасына және Атырау облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      4. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А. Такешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады