Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 26.03.2012 № 14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 баптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Құрманғазы ауданының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мусаға жүктелсін.
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Такешев