"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысын іске асыру шаралары туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 мамырдағы N 112 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 маусымда N 2047 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 152 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.05.31 № 152 Қаулысымен.

      "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басым дақылдары бойынша субсидиялар мөлшері;
      3) тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлері, сондай-ақ субсидия мөлшері:
      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына);
      осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына);
      осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес, гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне).
      2. Бекітілсін:
      1) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу мен өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар мөлшері;
      2) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес қосымша құн салығын ескере отырып, мақта талшығының бір сынамасының сапасына сараптама жасаудың құны.
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды 2011 жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы           Б.Оспанов

      КЕЛІСЕМІН:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығының министрі
      ____________ А.C. Мамытбеков
      2011 жыл «_____» __________

      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және
      бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы  Е.Садыр
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Г.Морозова

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
1-қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі

Қ/с

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

1

Күздік бидай

2

Дәндік жүгері

3

Күріш

4

Майлы дақылдар

5

Мақта

6

Қант қызылшасы

7

Көкөніс және бақша өнімдері

8

Жабық топырақтағы көкөністер

9

Картоп

10

Жеміс-жидектер

11

Жүзім

12

Жемшөптік дақылдар

13

Бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдары

14

Сүрлемдік жүгері

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
2-қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басым дақылдары бойынша субсидиялар мөлшері

Қ/с Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы 1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар нормасы, теңге

1

Дәнді дақылдар (базалық бюджеттік субсидиялар нормасы)

400

2

Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар

800

3

Дәндік жүгері

2 800

4

Күріш

15 500

5

Майлы дақылдар

3 400

6

Қант қызылшасы

42 000

7

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген қант қызылшасы

50 000

8

Картоп

12 000

9

Көкөніс және бақша өнімдері

12 000

10

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары

24 000

11

Жеміс-жидектер

2 500

12

Мақта

12 000

13

Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген мақта

24 000

14

Жүзім

2 500

15

Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)

800

16

Бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдары

800

17

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

800

18

Жабық топырақтағы көкөністер*

1 300 000

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
3-қосымша

       Өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлері, сондай-ақ субсидия мөлшері      

Минералды тыңайтқыш атауы 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидиялау, % -ға дейін 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидияланған құны, теңге

1

Аммиак селитрасы

50

23376

2

Аммофос

50

39120

3

Жай суперфосфат

50

20400

4

Жай суперфосфат Б

50

20430

5

Жай суперфосфат С

50

16880

6

Сульфоаммофос

50

30720

7

МЭРС (Б)

50

10560

8

"Биобарс"

50

240

9

Аммофос (толықтырылған)

50

55200

10

Карбомид (толықтырылған)

50

43200

11

Аммиак селитрасы (толықтырылған)

50

38400

12

Аммоний сульфаты (толықтырылған)

50

28800

13

Хлорлы калий (толықтырылған)

50

52800

14

Хлорлы калий

50

28800

15

Тазаланған күкірт қышқылды калий

50

69600

16

Аммоний сульфаты

50

6925

17

Фосфор ұнтағы бос күйінде

50

3230

18

Фосфор ұнтағы (қапта)

50

4440

19

Суперфосфат (толықтырылған)

50

11520

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
4-қосымша

      Тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлері, сондай-ақ субсидия мөлшері       

Минералды тыңайтқыш атауы 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидиялау, %-ға дейін 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидияланған құны, теңге

1

Карбамид

50

25440

2

Нитроаммофоска

50

34560

3

Супрефос

50

24960

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
5-қосымша

      Гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограммына (литріне) арналған тыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлері, сондай-ақ субсидия мөлшері      

Минералды тыңайтқыш атауы 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидиялау, %-ға дейін 1 тонна (литр) тыңайтқыштың субсидияланған құны, теңге

1

Дезормон эфир, 72% к.э. (2-этилгексиловый эфир 2,4-Д)

50

478

2

Диамин,72% в.р.(диметиламинная соль 2,4-Д)

50

312

3

Диален – Супер 480, в.р.

50

730

4

Эфирам, к.э.

50

528

5

Фенизан, в.р.

50

1536

6

Зингер, с.п.

50

13440

7

Барс супер, 10% к.э. (феноксапроп-п-этил)

50

1500

8

Авецид супер,12% к.э. (фенок сапроп-п-этил)

50

1296

9

Топик 080, к.э.

50

2645

10

Гепард, к.э.

50

1224

11

Овсюген Экстра, к.э.

50

1776

12

Буран, 36% в.р. (глифосат, 360)

50

418

13

Ураган Форте 500, в.р.

50

670

14

Вихрь, в.р.

50

345

15

Спрут 36%, в.р.

50

432

16

Тайфун, 36%, в.р.

50

408

17

Клиник, 36% в.р.

50

455

18

Зенит ккр

50

638

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
6-қосымша

      Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу мен өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялар мөлшері

теңге/га

Көп жылдық екпелердің сипаттамасы

Тамшылатып суарудың ирригациялық жабдықтарын сатып алуға және монтаждауға кеткен шығындарды ескере отырып отырғызу

Субсидия (40%)

2 вегетация

Субсидия (40%)

3 вегетация

Субсидия (40%)

4 вегетация

Субсидия (40%)

Дәнекті бақтар

тіреуіш бағаналарды қолданбай жартылай аласа бойлы және ұзын бойлы телітушілермен отырғызылған

847 546

339 018

48 385

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612


тіреуіш бағаналарды қолданып аласа бойлы телітушілермен отырғызылған

1 017 055

406 822

48 385

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612

Шекілдеуікті бақтар

тіреуіш бағаналарды қолданбай жартылай аласа бойлы және ұзын бойлы телітушілермен отырғызылған

1 126 294

450 518

66 258

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897


тіреуіш бағаналарды қолданып аласа бойлы телітушілермен отырғызылған

1 407 867

563 147

66 258

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

Дәстүрлі бақтар*


0

0

0

0

72 735

29 094

214 743

85 897

Жүзімдіктер

тіреуіш бағаналарды қолданып отырғызылған

876 375

350 550

813 627

325 451

202 968

81 187

407 301

162920

Дәстүрлі жүзімдіктер*

0

0

0

0

202 968

81 187

407 301

162920

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы
6 мамырдағы № 112 қаулысына
7-қосымша

      Қосымша құн салығын ескере отырып, мақта талшығының бір сынамасының сапасына сараптама жасаудың құны 


мақта талшығы

шитті мақта

Бір снамасының сапасына сараптама жасаудың құны

800 теңге

800 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады