Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және онда шешімдерді қабылдау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 41/406-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 шілдеде N 2050 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/133-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 26.06.2013 № 14/133-V шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса тіркелген жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және онда шешімдерді қабылдау Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     К.Ержан

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2011 жылғы
29 маусымдағы № 41/406-IV
шешімімен бекітілген

      Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын)
өткізу және онда шешімдер қабылдау
ҚАҒИДАСЫ       1. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және онда шешімдер қабылдау Қағидасы (әрі қарай Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында қабылданды және Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) шақыру, әзірлеу және өткізу, онда шешімдерді қабылдау тәртібін белгілейді.
      2. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізудің жалпы принциптері:
      жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) жалпыға бірдей, тең және төте өз еркін білдіру негізінде өткізіледі;
      азаматтар жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарына (жиындарына) жеке өздері қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады;
      жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарына (жиындарына) қатысуы өз еркінде болып табылады;
      жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) ашық және жариялы өтеді.

2. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) шақыру

      3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) жиналыс (жиын) өткізіледі деп болжанған, жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, әкімшілік-аумақтық бөлініс шекараларының аумағындағы органның шешімі негізінде шақырылады және өткізіледі.
      4. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің, сондай-ақ жиналыс (жиын) өткізіледі деп болжанған әкімшілік аумақтық бірліктің шекараларының аумағында қызметін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органының бастамасы бойынша өткізіледі.
      5. Жергілікті қоғамдастық мүшелері қажет болған жағдайда азаматтардың жиналысын (жиынын) шақыру туралы өз ұсыныстарын жиналыс (жиын) өткізіледі деп болжанған әкімшілік аумақтық бірліктің шекараларының аумағында қызметін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органына жолдайды.

3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) әзірлеу

      6. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) әзірлеу және өткізуді, оны өткізу туралы шешім қабылдаған орган қамтамасыз етеді.
      7. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізуді ұйымдастыру үшін, жергілікті өзін-өзі басқару органы бірмезгілде жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу туралы акт қабылдаумен, аталған жиналысын (жиынын) ұйымдастыру және өткізу жөнінде комиссия құрады, оның құрам санын және өкілеттігін анықтайды, әзірлік іс-шараларының жоспарын бекітеді.
      8. Жиналысты (жиынды) өткізу туралы шешім қабылдаған, жиналысты (жиынды) өткізу бастамашылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органы қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) әзірлеу кезеңінде, бірақ оны өткізуге дейін 7 күннен кешіктірмей, жиналыстың (жиынның) күн тәртібі бойынша қосымша ұсыныстар енгізуі мүмкін.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу туралы шешім қабылдаған органға аталған мәселені қоюдың мән-мағынасы негізделген ұсыныстар жазбаша түрінде енгізіледі.
      Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу туралы шешім қабылдаған орган, оларды қабылдайды немесе кері қайтарады, ол туралы жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) күн тәртібін бекіту кезінде хабарланады.
      9. Жергілікті өзін-өзі басқару органының жиналысты (жиынды) өткізу туралы шешімі, оның өткізілу мерзіміне дейін екі аптадан кешіктірілмей, күні, уақыты және өткізілетін орны, қаралатын мәселелері және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тізімімен танысу тәртібі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдастық мүшелеріне жеткізіледі.
      Жиналысты (жиынды) өткізу туралы хабарлама жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жазбаша түрде жолданады, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық мүшелерінің назарына өзге түрде де жеткізіледі.
      10. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің тізімі жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) өткізілетін, жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, әкімшілік-аумақтық бөлініс шекараларының аумағындағы әкіммен әзірленеді және жиналыс (жиын) өткізу туралы шешім қабылдаған жергілікті өзін-өзі басқару органына жиналысты (жиынды) өткізуге дейін бес күннен кешіктірмей тапсырады.
      11. Жиналысты (жиынды) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің барлығын бір мезгілде қатыстырып өткізу мүмкін болмаған жағдайда, жиналыс (жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) өткізілетін әкімшілік-аумақтық бөлініс шекараларындағы жекелеген бөлігімен өткізіледі.

4. Азаматтардың жиналысын (жиынын) өткізу

      12. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына (жиынына) қатысушыларды тіркеу, оны өткізер алдында жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) өткізілетін әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасындағы әкіммен берілген тізім бойынша жүргізіледі.
      13. Азаматтардың жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқанда ол құқықты болып саналады.
      14. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) аталған жиналысты (жиынды) өткізу туралы шешім қабылдаған жергілікті өзін-өзі басқару органының уәкілетті өкілі ашады.
      15. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) жүргізу үшін төраға, хатшы және қажеттілігіне қарай санақ комиссиясы сайланады.
      16. Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) күн тәртібі келіп түскен ұсыныстарды ескеріле отырып құралады және қатысушылар санының қарапайым көпшілік дауысымен бекітіледі. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) шақырудың бастамашылары енгізген мәселелер бірінші кезекте қаралады.
      17. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысының (жиынының) жұмыс регламенті жиналыспен (жиынмен) белгіленеді.

5. Шешімдер қабылдау, хаттаманы рәсімдеу

      18. Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) шешімі ашық дауыспен қабылданады.
      19. Шешім, егер жиналыста (жиында) оған қатысушы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жартысынан көбі дауыс бергенде қабылданды деп саналады.
      20. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) хаттама жүргізіледі, онда күні және жиналыстың (жиынның) өткізілген орны, аталған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны, жиналысқа (жиынға) қатысушылардың саны, төрағаның, хатшының және санақ комиссиясы мүшелерінің аты-жөні, тегі, күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны, дауыс нәтижесі және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      Хаттама екі дана етіп жасалады, оған жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) төрағасы, хатшысы қол қояды және жергілікті қоғамдастықтың аталған жиналысты (жиынды) өткізу туралы шешім қабылдаған жергілікті өзін-өзі басқару органына тапсырылады.
      21. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жекелеген бөліктері бойынша өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық мүшелері пікірлерінің жалпы нәтижелерін анықтау тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің барлық аумағында өткізілген жиналыстардың (жиындардың) шешімдерін жинақтау жолымен жүзеге асырылады.
      Аталған жиналысты (жиынды) өткізу туралы шешім қабылдаған, жергілікті өзін-өзі басқару органы әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша тұтастай алғанда халықтың пікірлерін белгілейді және қорытынды хаттаманы бекітеді.
      Қорытынды хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі:
      өткізілген жиналыстар (жиындар) саны;
      тапсырылған жиналыстар (жиындар) хаттамаларының саны;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
      жиналыстарға (жиындарға) қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
      жиналыстың (жиынның) қарауына ұсынылған мәселені қолдауға дауыс берген жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
      жиналыстың (жиынның) қарауына ұсынылған мәселеге қарсы дауыс берген жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны.
      Қорытынды хаттамаға әкімшілік-аумақтық бірліктің жекелеген бөліктерінде өткізілген жиналыстардың (жиындардың) хаттамалары, жиналыстарда (жиындарда) тіркелген жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады