Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби аудандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шаруашылық пайдалану режимі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 314 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 2066 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.07.2013 № 201 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39116125-баптарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 134-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, бітелуі мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген жобалық құжаттамалар негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби аудандарындағы Арыс, Шаян, Боралдай, Сайрамсу, Қызылсу, Бөген, Ақсу, Шұбарсу, Доңғыстау, Балдыбрек, Біркөлік, Тоғыз, Ленгерка, Келтемашат, Машат, Құлан, Жабағылысу, Ұясай, Қаржансай, Келес өзендерінің су қорғау аймақтарының ені 500 метр және белдеулерінің ені кем дегенде 35 метр болып орнатылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысы  Бәйдібек (Р.Жолдас), Қазығұрт (Т.Әлиев), Ордабасы (Ш.Кенжеев), Сайрам (У.Қайназаров), Сарыағаш (Ж.Әлсеитов), Түлкібас (Қ.Әбдуалиев), Төлеби (Ә.Тұрғымбеков) аудандарының әкімдері және су қорын пайдалану және қорғау саласында қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы (Ә.Қарлыханов - келісім бойынша) өз өкілеттігінің шегінде:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) жер үсті суларының ластануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Арыс, Шаян, Боралдай, Сайрамсу, Қызылсу, Бөген, Ақсу, Шұбарсу, Доңғыстау, Балдыбрек, Біркөлік, Тоғыз, Ленгерка, Келтемашат, Машат, Құлан, Жабағылысу, Ұясай, Қаржансай, Келес өзендерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби аудандарындағы Арыс, Шаян, Боралдай, Сайрамсу, Қызылсу, Бөген, Ақсу, Шұбарсу, Доңғыстау, Балдыбрек, Біркөлік, Тоғыз, Ленгерка, Келтемашат, Машат, Құлан, Жабағылысу, Ұясай, Қаржансай, Келес өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі шаруашылық пайдалану режимі белгіленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012.02.21 N 48 қаулысымен.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария
      бассейіндік инспекциясының бастығы
      _________________ Ә.Қарлыханов
      «____»______________2011 жыл

      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б.Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Е.Айтаханов
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасының бастығы            Е.Садыр
      Облыстық қаржы басқармасының бастығы       Р.Исаева

      Оңтүстік Қазақстан облысы
      әкімдігінің 2011 жылғы
      «29» қарашадағы № 314
      қаулысына қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби аудандарындағы Арыс, Шаян, Боралдай, Сайрамсу, Қызылсу, Бөген, Ақсу, Шұбарсу, Доңғыстау, Балдыбрек, Біркөлік, Тоғыз, Ленгерка, Келтемашат, Машат, Құлан, Жабағылысу, Ұясай, Қаржансай, Келес өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық пайдалану режимі туралы

      1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабына сәйкес су қорғау белдеулері шегінде мыналарға тыйым салынады:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабына сәйкес су қорғау аймағы шегінде мыналарға тыйым салынады:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорларын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен, сел қаупі өте жоғары су объектілері бойынша төтенше жағдайлар бойынша өкілетті органмен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады