Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 67 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 наурызда N 14-3-108 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 1 ақпандағы № 01-3-2/562 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімі аппаратының 01.02.2013 № 01-3-2/562 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Ауыл әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Т.Сүлейменовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі                     Н.Қалмұрзаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Кентау қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      _________Самбетов Бейсен Дүйсенұлы

      «09» наурыз 2011 жыл

Кентау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 67 қаулысына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі


Кентау қаласы бойынша

1

Сейфуллин көшесі бойындағы щит

2

Абылай-хан және Логинов көшесінің қиылысында

3

Абылай-хан және Гагарин көшесінің қиылысында

4

Бала-Бүргем көшесі № 4 маршрут соңындағы аялдама

5

Сейфуллин көшесі мен Яссауи даңғылының қиылысында

6

Яссауи даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы

7

Абылайхан көшесі мен Логинов көшесінің қиылысы

8

Панфилов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысы


Қарнақ ауылы бойынша

9

Ш. Қанайұлы көшесі бойы

10

Қарнақ ауылындағы орталық алаңы

11

Жәнібек көшесінің бойы


Хантағы ауылы бойынша

12

«Сарбас» аялдамасы мен «Жылу электр орталығы -5» (ЖЭО-5) аралығында орналасқан – 2 щит

13

Орталық саябақ

14

Ауыл клубының аумағы


Ащысай ауылы бойынша

15

Құлымбетов көшесі бойындағы щит

16

Торлан көшесі бойындағы щит


Байылдыр ауылы бойынша

17

Чехов көшесі бойындағы щиттер

18

Орталық алаңдағы щит (Чехов және Володарский көшелерінің қиылысында)

Кентау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 67 қаулысына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 

р/с

Мекеменің атауы

Орналасқан жері

1

Ы.Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы Әль-Фараби көшесі

2

Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицейінің акт залы

Кентау қаласы Панфилов көшесі

3

"Әль-Фараби атындағы № 14 орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Сейфуллин көшесі

4

Ш.Қалдаяков атындағы мәдениет сарайы

Кентау қаласының «Ынтымақ» алаңында

5

Хантағы ауылы клубы

Хантағы ауылы, Ильич көшесі

6

Ащысай ауылы клубы

Ащысай ауылы, С.Мұқанов көшесі

7

Қарнақ ауылы клубы

Қарнақ ауылы, Жәнібек көшесі

8

Байылдыр ауылы клубы

Байылдыр ауылы, Аманқұл-датқа көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады