Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 08.05.2019 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар тiзбесі 2-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Т.Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі | Н. Қалмұрзаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Кентау қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
________________ Кривенцова Маржан Қазыбайқызы
"29" қараша 2011 жыл
Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 389 қаулысына 1-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі
Кентау қаласы бойынша | |
1 | Сейфуллин көшесі бойындағы мемлекеттік автомобиль инспекциясы бекетінің қасындағы тақта |
2 | Сейфуллин көшесі бойындағы қала төлқұжатының қарама қарсы бетіндегі тақта |
3 | Сейфуллин көшесі "Рахым-Ата" жанармай құю бекетінің қасындағы тақта |
4 | Сейфуллин көшесі мен Яссауи даңғылы қиылысында, "Транзит Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қасындағы тақта |
5 | Абай даңғылы, қала әкімдігінің ғимаратының қасындағы тақта |
6 | Яссауи даңғылы, "Кентау" қонақ үйінің қасындағы тақта |
7 | "Ынтымақ" алаңындағы 2 тақта |
8 | Б.Момышұлы көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысындағы тақта |
9 | Абылайхан мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы тақта |
10 | Абылайхан мен Логинов көшелерінің қиылысындағы тақта |
Ащысай ауылы бойынша | |
11 | Құлымбетов көшесі бойындағы тақта |
12 | Торлан көшесі бойындағы тақта |
Байылдыр ауылы бойынша | |
13 | Чехов көшесіндегі тақта |
14 | Орталық алаңдағы тақта |
Қарнақ ауылы бойынша | |
15 | Ш. Қанайұлы көшесіндегі тақта |
16 | Орталық алаңдағы тақта |
17 | Жәнібек көшесіндегі тақта |
Хантағы ауылы бойынша | |
18 | "Сарбас" аялдамасы мен "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның аралығында орналасқан 2 тақта |
19 | Орталық саябақтағы тақта |
20 | Ауыл клубының аумағындағы тақта |
Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 389 қаулысына 2-қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлардың тiзбесі
р/с | Мекеменің атауы | Орналасқан жері |
1 | "Ы.Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 90 |
2 | "Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, Абылайхан көшесі, № 15 |
3 | "№ 7 кәсіптік лицей" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы | Кентау қаласы, С.Ерубаев көшесі, № 15 |
4 | "Әл-Фараби атындағы № 14 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, Құралбаев көшесі, нөмірсіз |
5 | "Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, Панфилов көшесі, № 50 |
6 | "А.Молдағұлова атындағы № 19 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, № 168 |
7 | "Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Кентау қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, № 15 |
8 | "Ш. Қалдаяков атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын | Кентау қаласы, "Ынтымақ" алаңы, нөмірсіз |
9 | "Кентау оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның акт залы | Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, № 51 |
10 | "Ж.Жабаев атындағы № 7 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі, № 45 |
11 | "С.Қожанов атындағы № 9 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Байылдыр ауылы, Чехов көшесі, № 19 |
12 | "А.С.Пушкин атындағы № 6 жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Хантағы ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, № 3 |
13 | "Махмуд Қашқари атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің акт залы | Қарнақ ауылы, М.Қашқари көшесі, нөмірсіз |