Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 232 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5041 болып тiркелдi

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 02.11.2022 № 570 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алынып тасталды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 02.11.2022 № 570 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 389 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-3-120 тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсандағы қалалық "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Дауылбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Д. Махажанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ____________Б.Садуов

      "03" мамыр 2019 жыл

  Кентау қаласы
әкімдігінің 8 мамырдағы
2019 жылғы № 232
қаулысына 1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 02.11.2022 № 570 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

  Кентау қаласы
әкімдігінің 8 мамырдағы
2019 жылғы № 232
қаулысына 2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 02.11.2022 № 570 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Кентау қаласының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, "Транзит Сервис" автовокзалға қарама-қарсы

2

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі № 94 үйге қарама-қарсы

3

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 114 үйдің сол жағында

4

Кентау қаласы, Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

5

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 96, "Анар" дүкеніне қарама-қарсы

6

Кентау қаласы, Яссауи даңғылы № 100 үйдің сол жағында

7

Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Ауезов № 22 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

8

Кентау қаласы, Абылай хан көшесі № 38 үйдің сол жағы

9

Кентау қаласы, Абай көшесі, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық Б. Саттарханов атындағы № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" ғимаратына қарама-қарсы

10

Ащысай ауылы, А.Құлымбетов көшесі № 5 үйге қарама-қарсы

11

Ащысай ауылы, Торлан көшесі № 5 үйдің оң жағы

12

Байылдыр ауылы, Чехов көшесі № 20 үйдің оң жағы

13

Байылдыр ауылы, Володарский көшесі № 1 үйіне қарама-қарсы

14

Қарнақ ауылы, Ш. Қанайұлы көшесі, "Қазақстан" мейрамханасына қарама-қарсы

15

Қарнақ ауылы, Түркістан көшесі, орталық алаңына қарама-қарсы

16

Қарнақ ауылы, Әз Жәнібек көшесі № 13 үйге қарама-қарсы

17

Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі, Кентау қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолауышлар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның № 5 ЖЭО ғимаратына қарама-қарсы

18

Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі, саябаққа қарама-қарсы

19

Хантағы ауылы, Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Хантағы ауыл клубының ғимаратына қарама-қарсы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады