2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы N 103 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 наурызда N 14-5-109 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Дүйсенбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р.Жолдас

Бәйдібек ауданы әкімдігінің
24 ақпандағы 2011 жылғы
№ 103 қаулысына қосымша

      2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, сонымен қатар қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, жағдайлары және олардың қаржыландыру көздері

№ р/с

Ұйымдардың тізбесі

Адам саны

Жұмыстардың түрлері

қаржыландыру көздері

1.

Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

50

әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

Аудандық бюджет

2.

Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

108

жол құрылысы және оларды жөндеу, көркейту-көгалдандыру, ағаш отырғызу

Аудандық бюджет

3.

Ауыл округтері әкімдері аппараты

60

әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

Аудандық бюджет

4.

Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл округтері әкімдері аппараты

272

Аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіруге қатысу

Аудандық бюджет


Барлығы:

490



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады