Бәйдібек аудандық мәслихатының 30 мамыр 2011 жылғы № 44/250 "Бәйдібек ауданының ауылдық елдi мекендерiне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қыркүйектегі N 47/277 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қазанда N 14-5-115 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 7 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 04.02.2013 № 7 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1 шілде 2011 жылғы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 753 қаулысы және аудан әкiмiнiң 25 шілде 2011 жылғы № 1619 хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. «Бәйдібек ауданының ауылдық елдi мекендерiне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы» Бәйдібек аудандық мәслихатының 30 мамыр 2011 жылғы № 44/250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-5-112 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 15 шілдегі «Шаян» газетінің № 29 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 1 тармағындағы «алты жүз отыз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.» деген сөздер «бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.» деген сөздермен өзгертілсін.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
      
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:    Н.Алтыбаев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы:                 С.Спабеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады