Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 сәуірдегі N 41/317-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде N 14-6-134 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 6/40-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.06.15 N 6/40-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 31/226-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-101 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 маусымда «Қазығұрт тынысы» газетінің 38-39 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімімен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы қосымшасы мынадай 13-1 тармағымен толықтырылсын:
      «13-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар есепке алынбайды.»
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     К.Төреқұлов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады