Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 189 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 мамырда N 14-6-135 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 16.02.2015 № 54 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-бөлігіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiнің тізбесі осы қаулының қосымшасына сай белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Ж.Тағаеваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшiне енедi.      

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев      

      Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
      2011 жылғы 18 сәуірдегі № 189
      қаулысымен бекітілген

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      6. Аумақты арамшөптен тазарту.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Жас бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды әктеу.
      11. Ағаштар егу.
      12. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөптi шабу.
      15. Қоқысты жинау және шығару.
      16. Ғимараттарды әктеу.
      17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады