Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.12.20 № 12/89-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазығұрт ауданының базарларында және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекеленген түрлеріне біржолғы талондар құнын белгілеу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2009 жылғы 03 сәуірдегі № 18/138-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Қазығұрт тынысы" газетінің 36-37 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 және 2 тармақтардағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық реформа, бюджет және әкімшілік аумақтық орналастыру жөніндегі (Е.Сванов) тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы К.Төреқұлов
Аудандық мәслихат хатшысы А.Омаров