Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі N 44/344-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 шілдеде N 14-6-139 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы № 263 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.10.03 № 263 хатымен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қаулысының 2 тармағына сәйкес және аудан әкiмi мәлiмдеген мамандарға қажеттілікті ескере отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бiр маманға жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит ұсынылсын.
       Ескерту. Шешімнің бірінші тармағындағы "тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын." деген сөздер "тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит ұсынылсын." деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011.09.24 N 46/356 Шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәдениет, тіл, білім беру, денсаулық сақтау, ұлт және ұлтаралық қатынастар, қоғамдық және өзін-өзі басқару жөніндегі (К.Төреқұлов) мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      
      Аудандық мәслихат сессия төрағасы:         К.Төреқұлов
      
      Аудандық мәслихат хатшысы:                  А.Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады