Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.10.03 № 263 хатымен.
2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы № 183 қаулысынаөзгеріс енгізу туралы" сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қазығұрт ауданына 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 44/344-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-139 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 5 тамыздағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 36 ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы:
«тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.» деген сөздер «тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік кредит ұсынылсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Н.Аширов
Аудандық мәслихат хатшысы А.Омаров