Жаңабазар ауылы округінің Жылыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі N 44/331-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімиятының 2011 жылғы 1 шілдедегі N 2 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 шілдеде N 14-6-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңабазар ауылы округі әкімінің пікірін ескере отырып, Жаңабазар ауылы округі, Жылыбұлақ елді мекенінің - 102,0 гектар жеріне қосымша – 2,0 гектар жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 104,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           М.М.Момынов

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     К.Қ.Төреқұлов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Ж.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады