Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 29.01.2013 № 166 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазығұрт ауданы бойынша 2011–2012 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қазаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Момыновқа жүктелсiн.
Аудан әкімі Т.С.Алиев
Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 06 желтоқсандағы
N 591 қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы бойынша 2011 - 2012 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
N |
Дақылдар түрi |
Оңтайлы мерзiмдерi |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Күздiк бидай |
05.10.2011 |
30.11.2011 |
Тәлімі және суармалы жер, жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып |
10.10.2011 |
30.10.2011 |
|||
2 |
Жаздық бидай |
25.02.2012 |
10.04.2012 |
Тәлімі жер |
3 |
Дәндік және сүрлемдік жүгері |
15.04.2012 |
10.05.2012 |
Суармалы жер |
4 |
Жоңышқа |
01.03.2012 |
10.04.2012 |
Тәлімі және суармалы жер |
5 |
Мақсары |
01.03.2012 |
10.04.2012 |
Тәлімі жер |