Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.02.20 № 31 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. «Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 44-300-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-142-нөмірмен тіркелген, «Мақтаарал» газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 21 санында ресми жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтағы «алты жүз отыз» деген сөздер «бір мың бес жүз» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж.Әбдәзімов