Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық әкімдігінің 2012.02.20 № 708 хатымен.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 23-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 773 «Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-141 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірде «Мақтаарал» газетінің 19 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 2-тармағында:
«Бекенов Ералы Сәдуұлы – Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша)» деген сөздер «Жайлыбаев Сакен – Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімі бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Байжанов Бораш – Мырзакент емханасының терапевт дәрігері, медициналық сараптау комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)» деген сөздер «Мырзалиев Бауыржан – Атакент емханасының оташы дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.Тұрбеков
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 14.12.2011 жылғы № 2166 «Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 773 «Азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына келісім парағы
КЕЛІСІЛДІ:
Мақтаарал аудандық ішкі
істер басқармасы
бастығының орынбасары
14 желтоқсан 2011 жыл Жайлыбаев Сәкен
Атакент емханасының
оташы дәрігері
14 желтоқсан 2011 жыл Мырзалиев Бауыржан