Көше атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігі Бадам ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі N 31 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 маусымда N 14-8-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Бадам ауыл округіне қарасты Бадам ауылындағы атаусыз көшеге Социалистік Еңбек Ері Ахметов Әуездің аты берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Бадам ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы А.М.Керимбековке жүктелсін.

      Бадам ауыл округі әкімі                    Б.Дүйсембаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады